Фото:journal.tinkoff.ru
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше елімізде Астана есімді 24 адам тұрады. Өткен жылы елде осы есіммен 26 адам тіркелсе, олардың 9-ы 1998 жылға дейін дүниеге келгені белгілі болды.
Айта кетейік, Астана Қазақстанның елордасы болып жарияланған жылы 2 ұлға «Астана» есімі берілген еді. Сонымен қатар 5 адам − «Астанай», 6 адам – «Нұрастана», 3 адам – «Астанали» есімімен аталған. Сондай-ақ елде «Бәйтерек» есімді 40 адам тұрады.
Биыл елорда халқы қаланың жаңа мәртебеге ие болғанына 26 жыл толуын атап өтеді.