Фото: pxhere
«Жергілікті тұрғын Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкіліне жүгініп, электр қуатын қосуға көмек сұраған. Өтініш беруші жалғыз тұрады. Зейнеткер еңбек ардагері, сондай-ақ II топтағы мүгедек екені көрсетілген», делінген омбудсменнің желідегі парақшасында.
Маусым айының соңында ол өзінің пәтерінде электр қуатын өшірген жергілікті электр желісінің қызметкерлерімен тілдескен. Алайда зейнеткердің жарықты өшірмеу туралы өтініші еленбей қалыпты.
Уәкіл өкілі энергия желісінің басшысына қоңырау шалып, өтініш берушінің 1 690 теңге көлемінде берешегі бар екенін анықтады.
Зейнеткер қарызын өтеп, оған айыппұлсыз электр қуаты қосылды.