Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде тілші Мұхтар Күмісбектің «Кәсіпкер оқушы» мақаласы жарияланды. Автордың жазуынша 9-сынып оқушысы әу баста қарапайым гипс ұнтағына зерттеу жасап көрген. Ақыры, гипстен қыш ыдысқа ұқсас тойбастар қобдишаларын, ақша салатын жәшік, түрлі-түсті қорап бұйымдарын жасап шыққан. Аталған заттар тойларда үлкен сұранысқа ие болған.
«Ең қызығы сол, жас та болса бас болған жас кәсіпкер екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Оларға табыстың белгілі бір пайызын төлейді», деп жазады автор.
Мақалада талапшыл өреннің аталған іспен айналысуына идея қайдан келгені туралы да айтылады.
Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.