Мәдениет • 06 Шілде, 2024

Мәдени байланыс нығаяды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов Индонезия Білім, мәдениет, зерттеулер және технологиялар министрлігі мәдениет басқармасының бас директоры Хильмар Фаридпен, Индонезияның Қазақстандағы елшісі Мохамад Фаджрул Рахманмен кездесті.

Мәдени байланыс нығаяды

Ербол Әліқұлов өткен жылы Қазақстан мен Индонезияның дип­ломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толғанын атап өтті.

«Осы уақыт ішінде елдеріміз екіжақты өзара тиімді ынтымақтас­тық аясында тығыз және сенімді қарым-қатынас орнатты. Қазір біз екі елдің мәдени іс-шараларға қатысуы арқылы бірлескен жұмысты жандандыруымыз қажет», деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

Қазақстан мен Индо­незия арасын­дағы мәдени ынтымақ­тастық туралы меморандумға 2013 жылы қол қойылған. Серіктестер өзара байланыс аясын кеңейтуге ниетті.

«Қазақстан мен Индонезияның ортақ тұстары көп. Біз – көпэтносты және алуан мәдениетті мемлекетпіз. Біз­дің ынтымақтастығымыз бұдан да тиім­ді әрі жемісті болатынына сенімді­мін», деп атап өтті Хильмар Фарид. Соны­мен қатар екі елде де алмасу негізінде оқитын студенттер санын көбейтуді ұсынды.

Жиын соңында қатысушылар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, театр және кинематография саласындағы ынтымақтастықты қарастыруға және нығайтуға дайын екенін атап өтті.