BBC-дің жазуынша, сайлау Иранның бұрынғы президенті Эбрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапқаннан кейін тағайындалды. 28 маусымда өткен бірінші турда бірде-бір кандидат көп дауыс ала алмаған соң, сайлаудың екінші кезеңін өткізуге тура келді.
Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Пезешкиан жақтастарына алғыс айтты, деп хабарлайды Франс Пресс.
«Біз барлығына достық қолын созамыз, бәріміз осы елдің адамымыз, барлығын елдің өркендеуі үшін пайдалануымыз керек», - деді ол.
Бұрынғы кардиохирург Масуд Пезешкиан сайлау науқаны кезінде Иранның полициясын сынға алды. Ол Иранның басқа әлемнен «оқшаулануын» тоқтатуға уәде берді. Пезешкиан сонымен қатар 2015 жылғы ядролық келісімді қайта жандандыру бойынша Батыспен «конструктивті келіссөздер жүргізуге» шақырды, оған сәйкес Иран Батыс санкцияларын жеңілдетудің орнына өзінің ядролық бағдарламасын шектеуге келісті.