Қоғам • 07 Шілде, 2024

Көкшетауда жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда жоғалып кеткен әйел өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

4 шілдеден бастап полиция мен еріктілер іздеген әйелдің денесі табылды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында LIDER.KZ ұйымның еріктілері айтты.

1991 жылы туған Алина Матушко 4 шілдеде Көкшетауда жоғалып кеткен болатын. Ол Абай 139а/210 мекен-жайындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен.

Жоғалған адамның денесі 6 шілдеде табылды. Оқиғаға не себеп болғаны нақтыланбаған.