Ауа райы • 09 Шілде, 2024

Аптап ыстық пен жауын-шашын: 9 шілдеге арналған ауа райы болжамы

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері ұсынған болжамға сәйкес, сейсенбі, 9 шілдеде Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аптап ыстық пен жауын-шашын: 9 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Фото: Pixabay

Шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, солтүстікте, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте, орталықта және шығыста тұман күтіледі.

Күндіз Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Солтүстікте, Атыраудың орталығында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды ​​облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ал Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, Алматыда, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Ұлытау облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атыраудың оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.