Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев
«Сотталушы О. штабтың топографиялық қызметінің бастығы бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, букмекерлік сайтта ставка қойып ұтылып, жеке басындағы қарыздардың көбеюіне байланысты пайдакүнемдік мақсатта әскери бөлімге тиесілі топографиялық құрылғыларды «Т» ломбардына өткізген», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Нәтижесінде мемлекетке 2 млн теңгеден астам залал келтірілген.
Сот үкімімен сотталушы ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
ҚК-нің 49-бабы, 1-бөлігіне сәйкес «капитан» әскери атағынан айырылды.
Сондай-ақ сотталғаннан мемлекет пайдасына материалдық шығын мен мемлекеттік баж салығы өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.