Фото: zharar.com
Диетологтар ыстық күндері қызыл етті рационнан алып тастауға не аз тұтынуға кеңес береді. Себебі ет қорытылу процесі күрделі тағам түрі.
Бұл қатарда қуырылған тағамдар да бар. Мамандар ас әзірлеуде бұқтыру, қайнату, буға пісіру сынды әдістерді жиі қолдануға кеңес береді. Аталған әдістер, ағзада тез қорытылумен қатар, тағамның нәрлік құрамында сақтайды.
Жазда қант қосылған тәттілерді де тұтынбаған жөн. Өйткені дәстүрлі тәттілердің құрамында тазартылған қант, ақ ұн және май кремі болады. Бұл ингредиенттер асқазан-ішек жолдарының жұмысына артық салмақ түсіреді.
Шоколад, тәтті бәліш сынды тіскебасарларды кептірілген жемістерге алмастыру құпталады.
Балғын жемістерден жасалған табиғи шырынды да көп ішуге кеңес берілмейді. Өйткені осы әдіспен дайындалған шырын құрамында да шамадан тыс қант болуы ғажап емес.
Жазда жемісті шырынға қарағанда көкөністен жасалған сусындар едәуір пайдалы.
Кофені де тәулігіне бір құтыдан артық ішпеген дұрыс. Жазда кофені көп тұтыну ағзада су тапшылығын тудырады.
Оның орнын матча, таза су т.б. алмастыру ұсынылады.