Аймақтар • 10 Шілде, 2024

Түркістан облысында экстремизмді насихаттаған күдікті ұсталды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратты деген күдікке ілінген өзге ел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында экстремизмді насихаттаған күдікті ұсталды

Фото: polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстан азаматтары арасында, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін және терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан радикалды діни идеяларды жақтаушы таяу шетел азаматын ұстады.

«Күдіктіні жеке тінту кезінде жедел уәкілдер заттай дәлелдемеге жататын материалдар сақталған екі ұялы телефонды тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.