Фото: polisia.kz
Орманды отады деген күдікпен 20 адам полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Тінту кезінде ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді. Филиал директоры мен қылмысқа қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Енді күдіктілердің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану, пара алу, мүлікті жымқыру фактілеріне қатысы бар-жоғы тексеріледі.
Ішкі істер министрлігі орманды заңсыз отау ісіне қатысты тексеру жалғасатынын мәлімдеді.