Саясат • 11 Шілде, 2024

Талқыланған тақырып – тау-кен өндірісі

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаторлар Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысында жергілікті тұрғындармен, мәслихат депутаттарымен, аймақ басшылығымен кездесті. Жүздесуде өңірдегі медицинаны, білім беру мен өнеркәсіпті дамыту мәселелері, жолдардың жай-күйі талқыланды.

Талқыланған тақырып – тау-кен өндірісі

фото: senate.parlam.kz

Риддерде көпсалалы аурухана салу мәселесіне ерекше назар ауда­рылды. Мұндағы ескі аурухана ғи­маратының салынғанына 70 жылдан астам уақыт өткен болатын. Сондықтан қала тұрғындары жаңа құрылыстың аяқталуын асы­ға күтіп отыр. Сенатор Булав­к­ина республикалық бюджеттен қар­жыландырылатын бұл жоба­ның сақалды құрылысқа айналмауы маңызды екенін атап өтті.

Депутаттар сондай-ақ өңірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен де кездесті. Кездесу барысында тау-кен өнеркәсібіндегі кадр тапшылығына қатысты өзек­ті мәселелер, жоғары оқу орындарында маман даярлауға арналған грант саны аз екені айтылды. Сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелерінде МӘМС желісі бойынша төлемді кешіктіру және балаларға арналған арнаулы мекемелер тәрбиешілерінің жалақысын арттыру мәселелері де қозғалды.

Парламентшілер сапар аясында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жұмысымен де танысты. Сенаторлар осы оқу орнындағы студенттер іс жүзіндегі дағдыларды игеріп, автомобиль жүйелеріне, атап айтқанда, электромобильдер мен гибрид автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және диагностика жасау үшін симуляциялық сынақ жүргізетіні туралы хабардар етілді.

Соңғы жаңалықтар