Фото: Instagram/biodetcenter
Бұл туралы биологиялық орталықтың баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 6 шілдеде болған.
«Кәріліктен ем жоқ, өкінішті. Ішіміздегі сезімді білдіретін сөз жоқ. Лорд атты Қиыр Шығыс барысын 2022 жылы «Эйкос» ЖШС басшылығы сыйға тартқан. Барыс бұрын Сарыағаш ауданындағы жеке жануарлар бағында ұсталған, ветеринарлық төлқұжат бойынша Лорд 12 жаста болған. Бұл жануардың табиғи өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 10-15 жыл», деп жазды орталық.
2023 жылы жабайы мысық мамандары мен басқа хайуанаттар бақтарының ветеринарларына хабарласып, жан-жақты сараптама жүргізу туралы шешім қабылданған. Ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп, қан анализі алынған. Талдама нәтижелері бойынша созылмалы аурулар (пиелонефрит, гепатит, холецистит, энтероколит және ішек атониясы) анықталып, кешенді ем тағайындалған.
«Біз бір жыл бойы оның өмірі үшін күрестік, емдеу уақытша нәтиже берді, бірақ дегенмен табиғат өзінікін алады. Барыс күн сайын енжар болып, жиі тамақтан бас тартты, бұл осындай қайғылы нәтижеге әкелді», деп қосты олар.