Жемқорлық • 12 Шілде, 2024

Спортты дамыту дирекциясының басшысы 40 млн теңге ұрлаған

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласында "Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спортты дамыту дирекциясының басшысы 40 млн теңге ұрлаған

Мәселен, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған. Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есеп тапсырған. Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.