Фото: inbusiness.kz
Компания бұл шектеулерге ыстық ауа райында жол қауіпсіздігі мен жол жабынын сақтау себеп болғанын түсіндірді.
Шектеу мерзімі аймақтағы ауа райына байланысты 1 маусымнан 31 тамыз, 1 маусымнан 15 тамыз аралығын қамтиды.
Жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
- Алматы облысы;
- Атырау облысы;
- Жамбыл облысы;
- Жетісу облысы;
- Ұлытау облысы;
- Қызылорда облысы;
- Түркістан облысы;
- Маңғыстау облысы.
Ал 1 маусым мен 15 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін мына аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:
- Абай облысы;
- Ақмола облысы;
- Ақтөбе облысы;
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Батыс Қазақстан облысы;
- Қарағанды облысы;
- Қостанай облысы;
- Павлодар облысы;
- Солтүстік Қазақстан облысы.
«ҚазАвтоЖол» осы ережелер сақталғанда жолдар ұзақ қызмет етуіп қана қоймай, жөндеу жұмыстарына кететін шығын азаятынын алға тартты.