Қылмыс • 13 Шілде, 2024

«Жастықпен былай тұншықтырдым». Екі баласын өлтірген әйелдің тергеу кезіндегі видеосы тарады

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өз балаларын өлтіргені үшін істі болып жатқан әйел оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Жастықпен былай тұншықтырдым». Екі баласын өлтірген әйелдің тергеу кезіндегі видеосы тарады

Желіде екі баласын өлтірген әйелдің жауап алу кезіндегі видеосы тарап кетті. Тергеу кезіндегі бейнежазбаның үзіндісі HolaNews Telegram каналында жарияланды.

Айта кетейік, Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде жұмыс істеген 31 жастағы әйел 6 ақпанда ешкімге ескертпестен, үйінен екі баласын алып, Түркістан қаласына кетіп қалған. Ертеңіне, жалдамалы пәтерде 2 баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген. Ол бұл қадамға күйеуімен ұрсып қалған соң, барған.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістан қаласында «екі баласын тұншықтырып өлтірді» деген айып тағылған 31 жастағы Бота Хамитқызына 15 жыл түрме жазасын кесті. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.