13 шілдеде Италияның Қазақстандағы елшісі Альберти Марконың, сондай-ақ ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Әділет Майбасарұлы Көбеновтың қатысуымен Милан-Астана рейсінің ресми ашылуы салтанатты түрде өтті, деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы.
- NEOS авиакомпаниясының рейстері Boeing 787 Dreamliner ұшағында орындалады. Бұл жолаушыларға Миланнан Қазақстанның астанасына және кері бағытқа жылдам әрі жайлы саяхаттауға мүмкіндік береді, – деп толықтырды әуежай.
Шара қонақтары екі астана арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмді дамытуға септігін тигізетінін атап өтті. NEOS авиакомпаниясымен ынтымақтастық Қазақстанның азаматтық авиациясы және көлік-логистикалық саласының дамуына оң әсер етеді.