Ауа райы • 15 Шілде, 2024

Бүгін ауа райы қандай болады

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 15 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Оңтүстік циклон және онымен бірге келетін атмосфералық фронттардың әсерінен елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін ауа райы қандай болады

Фото: dzen.ru

Мамандардың мәліметінше, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта күн күркіреп, бұршақ жауады. Қатты желмен бірге нөсер жауын да жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста, солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. 

Күндіз Алматы, Атырау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Атырауда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстауда, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Жамбыл облысының батысында және Ұлытау облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, шығысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.