Фото: Бас прокуратура
Күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіні бірнеше рет пышақпен жарақаттаған.
Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, халықаралық іздеу жарияланған.
Айыпталушы 2023 жылғы қазанда Грузияда ұсталды. Оның бұған дейін қарақшылық жасағаны да анықталды.
Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.