Оқиға • 15 Шілде, 2024

«Өлген кейіп танытқан». Ақтөбеде ер адам пышақ жарақатынан аман қалды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цех жұмысшылары үстел басында ішімдік ішіп масайған. Сол сәтте олардың бірі ескі ренішін есіне алып, ішімдік ішіп отырған жолдасының мойнына екі рет пышақ сұққан, деп хабарлайды Egemen.kz Диапазон басылымына сілтеме жасап.

«Өлген кейіп танытқан». Ақтөбеде ер адам пышақ жарақатынан аман қалды

Фото: pxhere.com

Жаралы адам әріптесі өзін өлтіріп қоймас үшін үстел үстіне құлап, ыңырсыған дыбыс шығарып, өлген кейіп танытқан. Кейін пышақ пен соққы жасаған ер адам ішімдік ішкен серігін өлді деп ойлап, қылмыс орнынан кетіп қалған. Жаралы азамат аман қалып, 112-ге хабарласып, мойнындағы жараны қолымен жауып, көмек күткен.

Нәтижесінде, 41 жастағы жұмысшыға адам өлтіруге оқталған деген айып тағылды.

Оның айтуынша, адам өлтіру мақсаты болмаған, жәй ғана қорқытқысы келгенін, бірақ ер адам құлаған кезде қорқып кеткенін айтты. Сондай-ақ ол қылмыс орнынан қашпай, темекі сатып алу үшін дүкенге барғанын, қайтып келгенде полиция қызметкерлері оқиға орнында болғанын түсіндірді. Ол соттан жеңіл жаза сұрап  отыр. 

Жәбірленуші айыпталушыны кешіріп, оған ешқандай талап қоймады.

Сот айыпталушының шынымен де кісі өлтіруге оқталғанын анықтап, оны 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім етті.

Айта кетейік, сотталушы қасақана кісі өлтіргені үшін бұған дейін де сотты болған.