Шаруашылық • Кеше

Елімізде ауыл шаруашылығына қанша су жұмсалады

37 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің шаруаларына 4,28 млрд текше метр су берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде ауыл шаруашылығына қанша су жұмсалады

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы диқандарға 2,09 млрд текше метр суармалы су берді. 

Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егіс алқаптарына 1,01 млн текше метр су жеткізді.

Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларды 477,6 млн текше метр суармалы сумен қамтамасыз етті.  

Қ.Сәтбаев атындағы каналдан 225 млн текше метр су берілді. 

Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суармалы жерлерге 210,6 млн текше метр су бөлді.  

Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалы диқандарға 143,2 млн текше метр су берді. 

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы өңір шаруаларына 14,8 млн текше метр су жеткізді. 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы диқандарды 60,2 млн текше метр сумен қамтамасыз етті.  

Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егістіктерге 13 млн текше метр су берді. 

Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суармалы алқаптарға 8,83 млн текше метр су жіберді.

Қостанай облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларға 7 млн текше метр суармалы су жеткізді.  

Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 3,96 млн текше метр су берді.

Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егіс алқаптарын суаруға 1,2 млн текше метр су жіберді. 

Атырау облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларға 5,28 млн текше метр су жеткізіп берді.