Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Sports.kz мәліметінше, Андрей Михайлович қос белбеу иегерінің жекпе-жек алдында ауруханаға түсіп қалуын «ғасыр оқиғасына» теңеген. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған.
«Осы айқас үшін 7000 миль жолды артқа тастап келдім. Алайда күтпеген жағдай болып, жекпе-жектің болмай қалғаны, әрине, өкінішті. Бұл ғасыр оқиғасы болды. Амал жоқ көнеміз. Сіздердің сүйіспеншіліктеріңізге алғыс білдіремін. Осы бір келеңсіздікті еңсеруге сіздер көмектесесіздер», деп жазды Андрей Михайлович.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының жай-күйіне қатысты ақпарат ұсынған едік.