Фото: Ашық дереккөз
Оның айтуынша, заң жасанды интеллектіні қауіпсіз және этикалық пайдалану үшін көзделген.
«Озық әлемдік тәжірибе негізінде ЖИ технологиясын дамыту мақсатында Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленді. Ол этикалық нормаларды қабылдауды, мемлекеттік реттеуді, ЖИ-объектілердің жұмыс істеуінің құқықтық режимін, ЖИ-объектілерді жіктеуді, мемлекеттік қолдау шараларын және ЖИ саласындағы стандарттауды көздейді», деді министр.
Министр бүгінгі таңда заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен келісілгенін атап өтті.
«Жасанды интеллект туралы» заңға Мемлекет басшысы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығынан кешіктірмей қол қояды деп жоспарланды», деп қосты Жаслан Мәдиев.