Фото: redtram.com
«Боксшы сусыздану салдарынан ауруханаға жатқызылды. Бұл жағдай WBO және IBF Unified-тің жоспарланған турнирін кейінге қалдыруға мәжбүр етті. Жәнібектің командасы алдағы 10 күн ішінде оның жағдайы туралы егжей-тегжейлі медициналық түсініктеме беруі тиіс, оның ішінде, медициналық қорытындылар, сауығу болжамы және спортшының физикалық және денсаулық жағдайы қашан қалыпқа келетіні туралы дәрігердің пікірі болуы керек. Бұйрық орындалмаса Әлімханұлы келісім бойынша барлық құқықтарынан шеттетіліп, чемпиондық белбеу құқығынан бас тартуға мәжбүр болуы мүмкін», делінген хатта.
Бокс ұйымының талабына Жәнібек Әлімханұлының менеджері, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Эгис Климас жауап берді. Ол WBO сұратқан құжаттар дер шағында ұсынылады деп сендірді.
«Бізде аталған құжаттармен ешқандай мәселе туындамайды. Ол салмақ тастау кезінде есінен танып қалған алғашқы боксшы емес. Біз жекпе-жекті басқа уақытқа ауыстырамыз. Осы жекпе-жек үшін алыс жол жүріп келген Михайловичке өкінішімді білдіремін», деді Эгис Климас.
Сәтсіз оқиғадан кейін Жәнібек Әлімханұлының денсаулығы қалай екені белгілі болды.
Бұған дейін жаңазеландиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлының бұл жағдайын «ғасыр оқиғасына» теңеген еді.