Оқиға • 16 Шілде, 2024

Маңғыстауда күйеуі пышақтаған жүкті әйелдің жағдайы белгілі болды

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәрігерлер көпшіліктің көзінше күйеуі пышақтаған жүкті әйелдің хәл жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстауда күйеуі пышақтаған жүкті әйелдің жағдайы белгілі болды

фото: instagram/911.aktau

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының хабарлауынша, әйелдің жағдайы ауыр. Дегенмен ақ халаттылар әйелдің жүктілігін сақтап қалған және балаға қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын жүкті әйелге аяусыз шабуыл жасаған ер адамның іс-әрекеті қалың көпшілікті дүр сілкіндірді. Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында ер адам әйелін халықтың көзінше пышақтап тастаған бейнежазбасы пайда болды.

Маңғыстау облысының полиция департаменті шабуыл жасаған адамның ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін жәбірленушінің жүктілігіне 10 апта болғаны белгілі болды.