Аймақтар • 17 Шілде, 2024

Ақмола облысында ерекше артефакт табылды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тарихи дүниені Ақмола облысы Сандықтау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Орман» профилактикалық іс-шарасы кезінде тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында ерекше артефакт табылды

Фото: Ақмола облысы ТЖД

Құтқарушылар орманда адамның бейнесі қашалған ерекше тас тапқан. Олар бірден табылған зат туралы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен тарихи-өлкетану мұражайына хабарлаған.  Бұдан соң бұл артефактіге астаналық ғалымдардан бөлек шетелдік ғалымдардың да қызығушылық тудырғаны белгілі болды. 

ө

Әзірге ежелгі мүсіншінің жұмысы қай дәуірге жататыны белгісіз. Ғалымдар түрлі пікір айтып жатыр. Біреулер бұл тасты қола дәуіріне, енді біреулер оны кейінгі түркі дәуіріне жатқызады. Кей ғалымдардың айтуынша, бұл тастың Сібірден табылған олжалармен ұқсастықтары бар.

х

Ақмола облысында табылған бұл көне артефакт тарихи құнды дүние деп бағаланып, мемлекеттік қорғауға алынды.