Қоғам • 17 Шілде, 2024

Қымбат Досжан Жәнібектің анасына қатысты қайғылы жаңалықты бөлісті

1310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Журналист Қымбат Досжан Жәнібекті асырап алған бельгиялық анасы қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қымбат Досжан Жәнібектің анасына қатысты қайғылы жаңалықты бөлісті

Фото: instagram.com/kymbatdoszhan

Ол қайғылы хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, Жәнібекке көңіл айтты.

«Достар, Жәнібекті асырап алған анасы Валери бұл өмірмен қош айтысты.
Эвтаназия тәсілімен.
20 жылдан бері
Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. 54 жас.
Жәнібек берік бол…», деп жазды Қымбат Досжан.