Туризм • 17 Шілде, 2024

ТОП-5: Қазақстанда ең танымал курорттық аймақтар

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстанның курорттық аймақтарын 766 588 турист аралаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТОП-5: Қазақстанда ең танымал курорттық аймақтар

Фото: 24.kz

Туризм индустриясы комитеті Қазақстанда ең танымал 5 курорттық аймақтарды атады:

  • Бірінші орын – Алматы тау кластері. Бұл аймақтың табиғаты мен тау пейзаждарын 551 965 турист тамашалаған.
  • Екінші орын – Щучинск-Бурабай курорттық аймағы. Көкшетаудың табиғи сұлулығы, осы аймақтың көлдері мен ормандары 69 103 саяхатшыны қызықтырған.
  • Үшінші орын – Маңғыстау курорттық аймағы. Каспий теңізінің бірегей табиғи ландшафттары мен жағалауы 57 529 турист үшін демалыс орнына айналған.
  • Төртінші орын – Түркістан туристік аймағы. Түркістанның бай тарихы мен мәдени мұрасы 26 069 қонақты қызықтырған.
  • Бесінші орын – Алтай курорттық аймағы. 2024 жылдың алғашқы үш айында бұл көркем аймаққа 20 696 турист келген.