Ауа райы • 18 Шілде, 2024

Найзағай, дауыл, жаңбыр: 18 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

162 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Найзағай, дауыл, жаңбыр: 18 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды
 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.

Түркістан облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте күндіз найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 

Атырау облысында 37 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік- батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Астанада кей уақыттарда найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Алматыда кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.