Аймақтар • 18 Шілде, 2024

Қызылордада жаңа су нысандары салынады

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдеріне су жинау үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Аманөткел ауылының жанында су торабын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Қараөзек каналында жаңа су қоймасын салуға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылордада жаңа су нысандары салынады

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Мұндай жоспарды Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу барысында  Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті.

Бұдан бөлек, министрлік Жиделі су қоймасы мен Қызылорда су торабын кешенді реконструкциялауды жоспарлап отыр.

Ал 2025-2026 жылдары Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе» магистральдық каналы мен Шиелі ауданындағы Сұлутөбе ауылдық округіне Сырдария өзенінен су жіберу үшін қосымша каналдар салу көзделген.

«Бұл іс-шаралар облыстың ауыл шаруашылығын суармалы сумен неғұрлым тиімді қамтамасыз ету үшін және өңірдің су нысандарын сақтауға қажет», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.