Саясат • 18 Шілде, 2024

Қоғам қауіпсіздігі хақында

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласының сот және полиция өкілдерімен кездесті.

Қоғам қауіпсіздігі хақында

фото: senate.parlam.kz

Соттағы кездесуде заңнама­дағы сот жүйесін реформалау және құқық қолдану жөніндегі өзгерістер талқыланды. Н.Бекна­заров Президенттің тапсырмасынан туын­дайтын міндеттерді іске асыру туралы айта келіп, Парламент қабылдаған заң­дар және «Қазақстан Республи­касының сот жүйесі мен судьяла­рының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер туралы әңгімеледі.

«Қабылданған заңдар, ең алдымен, қоғам­ның сотқа деген сенімін күшейту үшін әділ сот төрелігін, сондай-ақ азаматтар құ­қығының қорғалуын және сот пен сот рә­сімдерінің заманауи талаптарға сай бо­луын қамта­масыз етуге арналған», деді сенатор.

Полиция департаментінде қоғамдық қауіпсіздікті қамта­ма­сыз ету және құқық бұзушы­лықтың алдын алу мәселелері сөз болды. Полиция департаментінің бастығы сенаторға қаладағы қылмыстың 24,8%-ға төмендегені туралы баяндады. Сонымен қатар жергілікті полиция департаменті жұмысының тиімділігін арттыру туралы тың шешімдер қабылдау қажеттігін, олардың бірі полиция қызметкерлері­нің санын көбейту екенін атап өтті. Сена­тор өз кезегінде құқық қорғау жүйе­сін­дегі реформалардың және құ­қықтық мемлекетті нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Н.Бекназаров азаматтарды жеке де қа­былдады. Онда көше­лерге ардагерлердің есімдерін беру, бизнесті қолдау, жұмысқа орналастыру және денсаулық сақтау мәселелері талқыланды.

«Мұндай кездесулер өте маңыз­ды. Біз Президент тапсыр­ма­ларының орын­далуын қадаға­лап қана қоймай, халықты толған­дыратын мәселелерге де назар ауда­рамыз. Барлық көтерілген мәселелер қолданыстағы заңнама аясында қаралып, шешілетін болады», деп атап өтті депутат.