Қазақстан • 18 Шілде, 2024

Елшіліктегі еске алу рәсімі

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Түркия Республикасы елші­лігінің Коммуникация жөніндегі бас­қар­масы 2016 жылғы 15 шілде­дегі төң­ке­ріс құрбандарын еске алу рәсімін өткізді.

Елшіліктегі еске алу рәсімі

Іс-шараға еліміздің Ұлттық ұланның генерал-майоры Қайрат Үмбетов, подполковник Талғат Нәшенов, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, елшіліктің қызметкерлері қатысты. Шара 2016 жылы 15 шілдеде төңкерісшілердің қолынан қаза болған 253 шейітті бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Рәсімге қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маманы Абылайхан Ережепов құран оқып, туыс халықтың басынан өткен қаралы күндердің қайталанбауын тіледі. Сондай-ақ екі елдің болашағы жарқын, ынтымақтастығы өрби береріне сенім білдірді. Өз кезегінде сөз алған наиб мүфти Ершат Ағыбай да шейіттерге дұға жасап, әлемдегі геосаяси жағдай құбылып тұрған кезеңде мемлекеттердің амандығы мен тыныштығы маңызды екенін еске салды. Бұдан кейін жиналғандардың назарына тоғыз жыл бұрын Түркияда болған оқиға туралы деректі фильм ұсынылды.

Салтанатты шарада сөз алған Түркияның Астанадағы Елшісі Мұстафа Капуджу террористік ұйым кез келген елге қауіп төндіретінін атап өтті. Бұл орайда ол бауырлас Қазақстанның да террорлық ұйымға қарсы жергілікті және халықаралық заң аясында тиімді күрес жүргізуде қолдау күтетінін жеткізді.