Балалар • 19 Шілде, 2024

Бала қауіпсіздігі бағдарламасы

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде зорлық-зомбы­лық­тан зардап шеккен балаларға арнайы көмек бағ­дарламасы енгізіліп жатыр. Мақсат – зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған, сон­дай-ақ қылмысқа куә бол­ған балаларға уақтылы жәрдем беру. Бастаманы Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырады. 

Бала қауіпсіздігі  бағдарламасы

Фото: ortalyq.kz

Бағдарлама жасөспірімдердің эмоциялық, когнитивтік және мінез-құлқындағы салдарды еңсе­ру­ге бағытталған. Онда арнайы көмек көрсету алгоритмі және медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және құқықтық негіздер қамтылады. Әрі бағдарлама шеңберінде кәмелетке толмағандардан бөлек, олардың ата-аналарына да бірыңғай әдістеме әзірленеді.

– Әр бала зорлық-зомбылықтан қорғалуға тиіс. Бұл бағдарламаның қабылдануы мемлекет пен қоғам­ның бала құқығын қорғау және олар­дың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттемесінің көрінісі. Бастама балаларға зардап салдары­мен күресу және психологиялық тұрғы­да қолдау жүйесін құрудағы маңыз­ды қадамның бірі, – деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқық­тарын қорғау комитеті төр­аға­сының орынбасары Юлия Овечкина.

Көмек көрсету бағдарламасы облыстық деңгейде психологиялық қолдау орталықтарының, аудандық білім бөлімдерінің базасында іске асырылады.