фото: gov.kz
«Бұл үйлерді газбен, сумен, электрмен және кәрізбен қамтамасыз ету республикалық бюджеттен толық қаржыландырылмағаны негізгі мәселе болып отыр. Егер инженерлік ішкі жүйелердің құрылысы уақытында аяқталмаса, бұл тұрғын үйді күтіп отырған азаматтарға пәтерлерді бөлудің кешігуіне, сондай-ақ жергілікті бюджетке сатудан түсетін түсімдердің болмауына әкелуі мүмкін», деді А.Қапбарова.
Шымкентте азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету аса маңызды мәселе болып отыр. Бүгінгі таңда кезекте 51 мыңнан астам адам тұрады, олардың 30 мыңға жуығы – халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар. Сонымен қатар «Отбасы банкте» әлеуметтік тұрғын үй алу үшін 175 мыңнан астам жинақтаушы шот ашылды.
Сенатор жергілікті тұрғындармен кездескен кезде Мемлекет басшысы өткен жылы халықтың әлеуметтік осал топтарын қамтамасыз ету үшін қолжетімді несиеге берілетін тұрғын үй құрылысын ұлғайтуды тапсырғанын атап өтті. Кездесуде сонымен қатар мектеп салу және жеке меншіктегі пайдаланылмаған жерлерді қайтару мәселелері талқыланды. Сенатор жергілікті тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдай келіп, айтылған барлық мәселелер қарау және шаралар қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдарға берілетінін атап өтті.