Олимпиада • 19 Шілде, 2024

Париж Олимпиадасы: Жеңіске жеткен жеңіл атлеттер тұңғыш рет сыйақы алады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған бастаманы биыл бірінші рет әлемдік жеңіл атлетика ұйымы қолға алып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Париж Олимпиадасы: Жеңіске жеткен жеңіл атлеттер тұңғыш рет сыйақы алады

Фото: Olympic.kz

XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында 48 дисциплинаның бірінде жеңіске жеткен әрбір атлет World Athletics тарапынан 50 000$ көлемінде сыйақы алады. Тағы бір айта кетерлігі, ең көп жүлде жиынтығы да жеңіл атлеттер арасында ойнатылмақ.

Жүлдеге таласатын Қазақстан спортшылары қатарында Азия ойындарының жеңімпазы Ольга Сафронова, әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая, 2022 жылғы әлем чемпионы Нора Джеруто, Азия ойындарының қола жүлдегері Дэйзи Джепкемей бар.

Париж-2024 ойындарында жеңіл атлетика жарыстары тамыздың 1-12 күндері өтеді.