Оқиға • 19 Шілде, 2024

Қарағандыда жоғалып кеткен ер адамның мәйіті өзеннен табылды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 шілде күні кешке Қарағанды ​​облысындағы Петровка ауылы Нұра өзенінің маңында достарымен бірге демалысқа барған 54 жастағы ер адам із-түссіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда жоғалып кеткен ер адамның мәйіті өзеннен табылды

Фото: 365info.kz

Із-түссіз жоғалып кеткен ер адамды достары өздігінен таба алмай, құтқарушыларды шақырған. Бүгін ер адамның суға батып кеткені белгілі болды.

«Бұқар жырау ауданында Петровка ауылынан бір шақырым жерде 19 шілдеде Нұра өзенінің жағасында Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары іздестіру іс-шаралары барысында 18 шілдеде тыйым салынған жерде суға шомылу кезінде суға батып кеткен ер адамның мәйітін тапты», деп хабарлады облыстық ТЖД.