Білім • Бүгін, 17:38

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ның күні белгіленді

44 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ның күні белгіленді

Фото: stan.kz

ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10-15 тамыз аралығында өтеді.

Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өтетін орынды, күнді, уақытты өздері таңдайды.

Тамыз айындағы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, қандастар, шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, басқа мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатыса алады.