Фото: ortalyq.kz
Депутаттар ойын-сауық саябағында, балалардың ойын-сауық орталығында, Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында болды. Қоғамдық байқаудың басты мақсаты – аттракциондар мен балаларға арналған ойын алаңдарындағы қауіпсіздік жағдайы мен келушілерге қызмет көрсету сапасын бағалау, сондай-ақ саябақтардағы санитарлық-эпидемиялық ережелер мен гигиеналық жағдайды сақтауды тексеру. Депутаттар келушілердің жағдайына, аттракциондардың жарамдылығы мен пайдаланылуына назар аударып, жабдықтардың техникалық регламентке сәйкес қауіпсіздіктің барлық талабын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
«Бүгінгі қоғамдық байқау Алматы қаласы азаматтарының мүддесін қорғауға және оларға ойын-сауық саябақтарында қауіпсіз және жайлы демалысты қамтамасыз етуге бағытталған», деп атап өтті Нурия Ниязова.
Байқаудың нәтижесі Парламенттің кезекті сессиясының барысында заң шығару қызметіне ұсынылатын болады.