Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген өңірінде атмосфералық қысымның төмендеуіне байланысты найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады және желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады, ал шығыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жауады деп күтіледі.
«Күндіз сынап бағаны еліміздің солтүстігінде, шығысында: +20…+28°C, оңтүстігінде: +34…+39°C, еліміздің орталығында: +25…+33°C, оңтүстік-шығысында: +30…+38°C, ал батысында +33…+38°C көрсетеді деп болжанған», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.