16 маусымда Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Иран Ислам Республикасы және Француз Республикасы дипломатиялық миссиялары басшыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Горбан Сейфимен кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қызметтестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Кәрім Мәсімов пен Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэ арасындағы кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту перспективалары, сол сияқты, үстіміздегі жылдың шілде айында Астана қаласында өтетін Экономикалық қызметтестік жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысының күн тәртібі әңгіме арқауына айналды.