Қылмыс • 21 Шілде, 2024

Ақтөбеде жұмыс орнынан қомақты ақша ұрлаған бухгалтер сотталды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбедегі жеке компанияның бухгалтері 6 миллион теңгеден астам ақша ұрлап, анасының банктік шотына аударып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде жұмыс орнынан қомақты ақша ұрлаған бухгалтер сотталды

"Диапазон" басылымның жазуынша, 51 жастағы ақтөбелік тұрғын жеке компанияға бас бухгалтер болып орналасқан. Арада төрт ай өткен соң жұмыс орнынан ақша ұрлай бастаған.

- Ол анасының банктік шотына миллиондаған теңгенің бірнеше траншын аударған, ал есептік құжаттамада бұл жеткізілген тауар үшін ақша екенін көрсеткен. Бірнеше айдың ішінде ол компанияның шотынан 6 миллион теңге ұрлап кетті. Анасы қызының қаржылық айла-амалдары туралы білмеген, тек несиесін өтеу үшін банктік картасын бергенін айтты, - деп хабарлады басылым.

Сот үкіміне дейін бұрынғы бас бухгалтер залалдың жартысына жуығын өтеген, бірақ бұл оны жазадан құтқарған жоқ. Сот әйелді 3 жылға бас бостандығынан айырды, бірақ кіші баласы 14 жасқа толғанға дейін бір жылға кейінге шегерілді.