Оқиға • Бүгін, 10:13

Ақмолада ұшақ апатқа ұшырады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқыс оқиға 21 шілде күні сағат 18:54-те болған, деп жазады Egemen.kz.

Ақмолада ұшақ апатқа ұшырады

Фото: ТЖМ

Көлік министрлігінің мәліметінше, Ақмола облысының Жарқайың ауданында «Бүркіт-Авиа» ЖШС-не тиесілі АН-2 әуе кемесі апатқа ұшыраған. Бортта ұшқыш болған.

Облыстың ТЖД күштері өртті оқшаулаған, ешкім зардап шекпеген. 

Көлік министрлігі аталған авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрмақ.