Фото: polisia.kz
Қолға түскендердің 28-і өзге мемлекет азаматтары екені анықталды. Олар сұрау салған мемлекеттерде заңсыз әрекеті үшін іздеуде болған.
Мәселен, Алматыда ұсталған Өзбекстан азаматы көрші мемлекеттің ветеринария және мал шаруашылығын дамыту комитеті бөлген 400 млн теңгеден астам субсидияны жымқырды деп күдікке ілінген.
Маңғыстау полицейлері Жаңаөзен тұрғынына дене жарақатын келтірген бұзақыны да ұстады.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Халықаралық келісім негізінде ел полицейлері шетелде бой тасалап жүргендерді де тапты. Мәселен, Мәскеу облысының Химки қаласында ресейлік әріптестермен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Қазақстан азаматтары қолға түсті. Олар өткен жылдың қаңтар айында Шымкентте жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан. Жәбірленушілердің бірі алған жарақаттарынан көз жұмған. Бұл іс бойынша барлық күдіктілер ұсталды.
Оларды елге экстрадициялау бойынша мәселе қаралып жатыр.
Сондай-ақ жедел шара аясында хабар-ошарсыз кеткен 115 адамның орналасқан жері белгілі болды.