Фото: Орал қаласы әкімдігі
«Бүгін Орал қаласының әкімі қызметінен кеткенімді хабарлаймын. Мен үшін екі жылдан астам уақыт бойы тұрғындармен қоян-қолтық жұмыс істеу үлкен мәртебе болғанын айтқым келеді», деп жазды ол парақшасында.
Қала әкімінің хабарлауынша, оның денсаулығы сыр беріп, бұған дейін де кетуді жоспарлаған. Алайда елде болған су тасқынына байланысты жұмыстан шыға алмағанын атап өтті.
«Денсаулығым сыр беріп, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенмін. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны орболып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім», деп жазды Сатқанов.