Фото:qandastar.kz
Мекеме мәліметінше, 23, 24 және 25 шілде күндері Қазақстан аумағында атмосфералық қысым төмендеп, құбылмалы ауа райы қалыптасады.
Мәселен, 24-25 шілде аралығында елдің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Ал шығыс пен оңтүстікте ауа температурасы көтеріледі.
«Күндіз ауа температурасы республиканың шығысында +30...+35, оңтүстікте +38...+43, оңтүстік-шығыста +31...+37 дейін көтеріледі деп болжанып отыр», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.