Қоғам • Бүгін, 08:09

Коста-Рикадағы тас­тар құпиясы

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғалымдар Коста-Рика аумағында 300-ге жуық шар-тастар тапқан. «Петросфералар» деген атауы бар тас шарларда ерекше сыр жатыр.

Коста-Рикадағы тас­тар құпиясы

Алғашқы шарларды жұмысшылар өткен ғасырдың 30-жылдарында жергілікті ормандарды күзеу кезінде тапқан. Олар мұндай тастардың ішінде алтын сақталуы мүмкін деп те ойлады. Солай қаншама тас жойылды. Ғалымдар тарихи ескерткіштің жойылуын әрең тоқтатты. Радиокөміртекті талдау шарлардың жасы б.з.д. 200 жылдан б.з. 1500 жылға сәйкес келетінін көрсетті. Қанша зерттелсе де, Коста-Рикадағы тас­тар құпиясы ашылмады.