Фото: Ашық дереккөз
Қала әкімдігінің хабарлауынша, 24 шілдеде сағат 06:00-ден 23:50-ге дейін Өндіріс тас жолында Солтүстік айналма жолдан көлік айырығына дейінгі аралықта жүк көлігін өлшеудің автоматтандырылған жүйесін орнату жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.