фото: ТЖМ
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті апат туралы 23 шілде күні сағат 00:50-де хабар алды. Суға батқан бір баланың денесін туыстары алып шыққан. Екіншісін іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
«Бесікті ауылында 2010 және 2011 жылы туған балалар шомылу кезінде суға батып кетті. 13 жасар баланың денесін туыстары тауып алып, судан шығарды, ал екінші баланы іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдай қызметінің 11 қызметкері, 5 су көлігі жұмылдырылды», деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Мамандар Атырау облысында биыл суға түсу маусымы әлі ашылмағанын да нақтылады.