Білім • 24 Шілде, 2024

«Балдәурен» балабақшасы ашылды

92 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әулиекөл ауданында «Балдәурен» балалар лагерінің ашылу салтанаты өтті. Аманқарағай орманындағы тұмса табиғат аясына орналасқан лагерьдің құрылысына «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының әлеуметтік қолдау жобасы аясында
268 млн теңге қаржы бөлінген.

«Балдәурен» балабақшасы ашылды

Жазғы демалыс ор­нының 1961 жы­лы салынған ескі ғи­мараты осыдан екі жыл бұрын бүкіл орманды шар­пыған ала­пат өрт кезінде жа­нып кеткен. Дүйім елді дүр сілкіндірген төтенше жағ­дайдан кейін ең бірінші кезекте баспанасыз қалған тұрғындар үшін жаңа үйлер салынды.

Өткен жылы облыс әкім­дігінің бас­тамасын қол­даған «Қазақстан халқы­на» қо­ғамдық қоры өрт болған орман алқабындағы балалар лагерін қайта қал­пына келтіруге қо­мақты қаржы бөл­ген. Содан бері бас-аяғы бір жылдың ішін­де жаздай 300 оқушыны қа­былдай ала­тын демалыс орны балаларға есігін айқара ашты. Жазғы лагерь­дің атал­ған қоғамдық қордың қолдауы­мен ашыл­ғанын салтанатты рәсімге арнайы келіп қатыс­қан аймақ басшысы да атап өтті.

«Бұл – Әулиекөл ауданын­дағы ­4 мың­ға жуық бала асыға күткен лагерь. Алдағы уақытта мұнда тек аудан оқу­шылары ғана емес, облыстың бар­лық өңірінен балалар келіп демалып, ден­саулықтарын жақ­сартатын болады. Осының бәрі «Қазақстан халқына» қо­­рының қолдауының арқа­сында жасалып жатқан дүние. Аталған қор кейінгі 3 жыл ішінде облыстың білім беру саласын дамытуға 3 млрд тең­геге жуық қаржы бөлге­нін де атап өту керек. Бүгін ашылып отырған лагерьге ­облыс бюджетінен бөлін­ген 13 млн 400 мың теңге қар­жы­ға қажетті жиһаздар мен бас­қа да керек-жарақтар сатып алынды. Сондай-ақ абат­­тандыру жұмыстарына ­122 млн теңге бөлінді. Сахна, вор­­каут, спорт алаңдары жә­не шағын сәулет нысандары ор­натылды», деді Құмар Ақсақалов. «Балдәурен» бір ауысымда 100 баланы қа­былдай алады. Яғни 3 ауысымда 300 оқу­шы демалады. Лагерь спорт, музыка, туризм және эко­­логия сала­­сын қамты­ған төрт бағытта жұмыс істей­­ді. Тәрбиешілердің айтуын­ша, атал­ған бағыттар бала­лар­дың шығарма­шы­­лық қабі­ле­тін ұштауға мүмкін­дік береді.

Биыл өңірде 11 қала сыр­­тындағы жазғы лагерьде 9 мыңнан аса балдырған есейгенше естен кетпес бал күндерін өткізіп жатыр.

Қостанай облысы