Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы қазіргі күрделі геосаяси шындық жағдайын тақырыпқа арқау еткен мұндай маңызды оқиға Шарт ережелерінің орындалуына шолу жасайтын негізгі алаң.
Іс-шараны ашқан төраға, Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин ЯҚТШ мақсаттарына қол жеткізу үшін әлемдік қауымдастықтың бірлескен жұмысының маңызын атап өтіп, еліміздің жаһандық ядролық қарусыздану ісіне бейілділігін растады.
ЯҚТШ-ға қатысушы 190 мемлекеттің делегаттары алдағы екі апта ішінде ЯҚТШ-ның үш тірегі: ядролық қарусыздану, атом энергиясын таратпау және бейбіт мақсатта пайдалану бойынша халықаралық ынтымақтастық пен сенімді нығайтуға бағытталған қарқынды талқылауларға қатысады.
Ұлттық тұрғыда Қазақстан делегациясы Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (ЯҚТСШ) қатысушы мемлекеттердің атынан бірлескен мәлімдеме жасап, ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін нысаналы қор құрудың маңызын атап өтті.
Екінші Дайындық комитетінің жұмысы биыл 2 тамызға дейін жалғасады. 1970 жылы күшіне енген Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) – ядролық қарудың таралуын болдырмауға, ядролық қарусыздануға жәрдемдесуге және ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалануды ілгерілетуге бағытталған іргелі халықаралық құжат. ЯҚТШ Шолу конференциялары бес жыл сайын шарттың орындалуын бағалау және оның мақсаттарына жетудің келесі жұмыс бағытын айқындау үшін өткізіледі.